Ағымдағы жылдың 1 мамыры күні Жамбыл облысында коронавирустың төрт жаңа жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Үш науқас 1963, 1984 және 2003 жылдары туған Тараз қаласының тұрғындары болып табылады. 17 жасар бойжеткен бұған дейін ауырған тұлғамен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға оқшауланған. Сондайақ, 36 жастағы әйел туыстарымен қарым-қатынас жасау нәтижесінде, ал 57 жастағы Тараз тұрғыны жұмыстағы әріптесімен қарым-қатынас жасау барысында инфекция жұқтырған.
⠀
Сондай-ақ, COVID-2019 диагнозы Шу ауданының 69 жастағы тұрғынынан расталды. Одан созылмалы ауруына байланысты жоспарлы түрде талдаулар алынған.
⠀
Барлық науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды, онда хаттамаға сәйкес қажетті ем шараларын қабылдауда.
Барлық жағдайлар бойынша байланыста болған тұлға анықталып, карантинге оқшауланды. Талдау алу, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу жұмыстары жалғасуда.
⠀
Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында 136 коронавирустық инфекция тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында — 61, Байзақ ауданында – 6, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында — 36, Меркі ауданында — 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1. Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты оқиға, Теңіздегі вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталды.
⠀
Жалпы індет жұқтырғандардың ішінен 46 адам емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы