Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Қордай ауданында болды

0 17
Қордай ауданында аймақ басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, Масаншы, Сортөбе ауылдары тұрғындарымен кездесіп, «Тілдер Саябағы» жобасының қатысушыларымен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің жұмыс сапары Сортөбе ауылында жалғасып, ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істейтін «Тілдер саябағы» жазғы лагерінде болды. Мұнда жергілікті тұрғындарға мемлекеттік және шет тілдері оқытылады.
Әлеуметтік жобаның жетекшісі Бақнұр Зиябековтің айтуынша, бүгінде лагерде 200 адам қазақ, ағылшын, француз тілдерін үйренуде. Тыңдаушылар арасында балалар да, ересектер де бар. Ашық аспан астындағы шаралар аптасына үш рет өткізіледі. Ауыл тұрғындарына Назарбаев Университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері сабақ береді.

Аймақ басшысы аудандағы белсенділер мен еріктілерге қыруар шаруалары үшін алғысын білдіріп, тұрғындарға мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын еске салды.

Егер ата-аналар балаларымен қазақша сөйлесе, балалар тез тіл үйренеді. Мемлекеттік тілмен қатар бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін басқа да шет тілдерін білу керек. Біздің міндетіміз — жастарға лайықты білім беріп, бірнеше тілдерді меңгеруіне жағдай жасау. Осындай жұмысты басқа ауылдарда да ұйымдастыру керек, — деді Бердібек Сапарбаев.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі аудандағы жолдардың құрылысымен де танысты. Ол мердігерлердің өкілдерімен бірге төселген асфальттың сапасы стандарттарға сәйкес келетіндігін тексерді.
Биыл Қордай ауданында инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде жолдарды жөндеуге шамамен 7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 352 шақырым болатын автомобиль жолдары жөндеуден өтпек.
Leave A Reply

Your email address will not be published.