Сарысу ауданында арнайы мониторинг топ тарапынан кезекті рет азық түлік тауарлары бағасына зерделеу жұмыстары жүргізілді,-деп жазады «Zhambylnews» АА
Ауданда 2020 жылдан бері 1 әлеуметтік дүкен және 4 әлеуметтік бұрыш ашылып, жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда әлеуметтік дүкенге кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аудан әкімінің тапсырмасымен тағыда бір әлеуметтік дүкен ашу жұмыстары қолға алынған.
Әлеуметтік дүкен мен бұрыштарға тұрақты түрде облыстық тұрақтандыру қорынан қажетті азық-түлік тауарлары арзандатылған бағада жеткізіліп тұрады. Негізгі бөлігі базар маңында орналасқан ЖК «Мутляпова»-ның «Шадияр» дүкеніне орналастырылуда.
2020 жыл қорытындысымен облыстық тұрақтандыру қорынан 10 тн картоп, 30 тн құмшекер, 1 тн өсімдік майы, 12 тн ұн жеткізілген. Ағымдағы жылдың басынан бері 0,6 тн күріш, 4,1 тн құмшекер, 0,8 тн өсімдік майы және 0,15 тн қарақұмық жеткізілді.
Жеткізілген тауарлар бағасы нарықтық бағадан 25-30 пайызға арзандатылып сатылуда.Бұдан бөлек, аудан орталығында аптаның әр сенбісі жәрмеңке ұйымдастырылуда.
Жұмыстар жалғасуда.