Өмір ғажап қой! Мен адамдағы нағыз шын, адал сенім туралы айтқым кеп тұр. Адамға шын ықыласыңмен сенсең, сенім ешқашан алдамауы да мүмкін. Менің бір ғалым апамның өзінің ерінің Ұлы Отан соғысына аттанарында оның соғыста өлмей аман, он екі мүшесі түгел қайтатынына сенгендігін, ақырында ерінің бес рет соғысқа түссе де ешқандай жарақатсыз келгендігін, шексіз берілгендіктен оның өлімі туралы ойдың тіпті өз басына келмегендігі де туралы айтқаны бар. Сенімде, адам сенімінде қыруар қайрат, тіл жетпес ғаламат бар.
Менің туған жерімнің шалғайлығына, тұрмыс жағдайыма, реніш-мұңыма қарамастан, бәрін де жапыра қиратып, аңсаған арманыма жетуімнің түпкі негізінде де осы сенім жатыр ғой деймін. Сенім мен еңбек бірікпесінің (қоспасының) беріктігіне тең келер металл әлемде жоқ.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан