Бейімбет Майлиннің Ілияс Жансүгіровке жазған хатынан

0 42

Ілияс!
Денің сау шығар. Оған шәгім жоқ. Терезе ашылып қалып, жел тимесе, ауыра қоймаған шығарсың.
Мен де өзің көргендеймін. Саумын. «Жол көріністерін» жазам деп саған уәде беріп кетсем де, әзір ешнәрсе жаза алған жоқпын. Жазарлық та емес. Тәшкенде үш-төрт сағаттай-ақ болдық. Оның өзін қыдырумен өткіздік. Енді бұдан әрі жүруге бет түзеп, билет алып, буфетте отырмын. Адам көп болған соң шет жағына отыра салып едім, Тәшкеннің халқы мұндай көргенсіз болар ма, ерсілі-қарсылы жүріп мазамды кетірді. Кітап оқуға кірісіп едім, болдыра алмаған соң, бас салып саған хат жазғаным ғой… Хат жазғанмен, күрделі бір нәрсе жазды екен деп дәмелі болма, айтатын дым жоқ.

Ташкент. 6 қыркүйек, 1928 ж.

Leave A Reply

Your email address will not be published.