Қордайлықтар зұлмат жылдардың құрбандарының рухына тағзым етті

0 98

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қордай ауданында тағылымды іс-шара өтті. Зұлмат жылдардың құрбандарын ұлықтауға арналған жиынға аудан тұрғындары, ақсақалдар, жастар, қоғам белсенділері мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбаны болған азаматтардың рухына тағзым етті.
Зиялы қауым өкілдері өткен тарихтың ауыр сабақтарын ұмытпау, тәуелсіздіктің қадірін бағалау және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Олар ел басына түскен нәубет жылдары халқымыздың басынан өткен қиын кезеңдерді еске алып, құрбандардың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Мұндай еске алу шаралары өткеннің қасіретті беттерін ұмыттырмай, тарихи әділеттілікті дәріптеуге және ел бірлігін нығайтуға қызмет етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.