Кейде баланың көзінше ұрысқан да пайдалы

0 67

​Отбасындағы ұрыс-керісті баладан жасырған дұрыс па? фотолар ғаламтордан Отбасылық ДАУ-ЖАНЖАЛДА ең көп зардап шегетін – бала. Сол себепті де ата-аналар баланы қорғау үшін мейлінше бар жағдайды жасайды. Бірі есікті жауып «сыбырласып» ұрысса, енді бір ата-аналар үнсіз отырып «көзбен» ұрысады. Алайда бала жаны әлдеқайда сезімтал келеді. Олар отбасындағы қалт еткен нәрсені түсіне қояды. Ендеше отбасындағы ұрыс-керісті баладан жасырған жөн бе?

Бұл туралы психолог мамандар төмендегідей кеңес береді. Балаға білдірмей ұрсудың да ҚАУІПІ БАР Ешкім ыдыс-аяқ лақтырып, айқайлап жатпаса да үй ішінде «соғыс» болып жатқаны арадағы салқындықтан сезіледі. Мұндай кезде баланың ойы шатаса бастайды. Бала ата-анасын бірдей жақсы көргендіктен оларды ойша ақтап алады. Сондықтан ата-анадан кінә таппай, үйдегі салқындыққа өзін кінәлі сезіне бастайды. Ал мұндай жағдай баланы түрлі күйге түсіреді. Бала тұйықталады Бала мазасыз, ашуланшақ күйге түседі .Жиі суықтап, іші ауырып, аллергия шыға бастайды Өзіне деген сенімділік азаяды Бойын үнемі үрей билеп жүреді

Баланың көзінше ұрсудың тиімділігі

Әрине баланың шындықты білуге хақы бар. Ол да отбасының бір мүшесі болғандықтан үйдегі болып жатқан кез-келген жайттан хабардар болғаны дұрыс. Бірақ ұрыс-керіс себебін бала білуі үшін бірнеше ережені сақтау керек. Бала шындықты білу керек, анасының, әкесінің қандай екенін білсін деп оның көзінше ауызға келгенді айтып, бір-біріне зат лақтыруға болмайды

Баланың көзінше «сені жек көремін», «ажырасамыз» деген сөздерді айтуға болмайды Ата-аналар бір-бірін жаман деп айыптамауы керек Ең бастысы баланы ата-аналардың бірінің жағына шығуға шақырмау Үйдегі ұрыс керіске куә болған баламен міндетті түрде сөйлесіп, отбасы болған соң мұндай жағдайлар болып тұратынын айтып түсіндіру керек. Үйдің үлкендері қанша жерден бір-бірімен ұрысқанымен барлығы да баланы жақсы көре беретінін айту қажет. Сондай-ақ балаға міндетті түрде үйдегі ұрысқа оның қатысы жоқ екенін ескерткен жөн. Негізі ата-ананың ұрысына қарағанда оның келешекте балаға әсер ететін салдары қорқынышты. Егер бала келешекте мәселені ақылмен шешсін, отбасында үлкен сенім болсын десеңіз онда одан шындықты жасырмаған абзал.

ERNUR.KZ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.