Қолды көкке көтергеннің пайдасы

0 435

Денсаулықты сақтау мен жақсартудың біз естімеген, білмейтін қарапайым әдістері көп-ақ. Сондай әдістердің бірі – қолды жоғары көтеру.

Бұл қарапайым әдістің физиотерапевттер айтып жүрген мынадай пайдалары бар екен.

Біріншіден, қолды көкке көтерген кезде, дене созылып, онымен бірге шұбатылып жатқан ішек те түзеліп, оған тығындалып қалған тамақ төмен қарай оңай түседі. Содан ас қорыту мен сіңу жақсарады екен. Ішекте тұрып қалған тамақ тез өтеді. Сасу мен шіру, дисбактериоз болмайтын көрінеді.

Екіншіден, қолды көтергесін дене созылатыны белгілі. Сол кезде салбырап тұрған тері де жиырылып, өз қалпына келеді екен.

Үшіншіден, арқа мен белге пайдалы. Адамның қолы түсіп жүрсе, арқа омыртқалары деформацияға ұшырап, остеохондроз, майысу сынды дертке әкелуі мүмкін. Ал қолды көтерген кезде омыртқа жұмсарып, қатып семіп қалған арқа түзеледі.

Төртіншіден, адам қартайған сайын денесі шөге бастайтыны белгілі. Бұлшықет әлсірегесін, бәрі салбырайды. Ал қолды көтеріп жиі жаттығу жасап жүрсеңіз, бұлшықет тонусқа келіп отырады да, қартаю мен шөгу біршама тоқтайды.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.