Айналаңыздан өзгеріс қалайсыз ба? Ендеше, өзгерісті өзіңізден бастаңыз.
Айтқан сөзіңізде тұрыңыз
Айтқан сөзінде тұрмайтын адамдарға уақыт өте ешкім сенбейтін болады. Айтқан нәрсеңізді әрқашан орындауға тырысыңыз. Бұл соншалықты қиын емес.
Аяушылық білдіріңіз
Әлем тек сіздің айналаңызда айналып жатқан жоқ. Сіздің армандарыңыз бен қалауларыңыз басқалардікінен маңызды немесе артық емес. Тек өзіңізді ойламаңыз, қажет кезде аяушылық білдіре біліңіз. Бұл басқаларды түсінуге және қабылдауға көмектеседі.
Басқаның уақытын алмаңыз
Әр адам үшін өзінің уақыты маңызды. Сондықтан барлық жерге кешігіп жүруден аулақ болыңыз. Жақсы бола түскіңіз келсе, басқа адамдарың уақытын құрметтеңіз және бағалаңыз.
Жауапкершілік алыңыз
Қандай да бір жағдай сіз ойлағандай болмаса, бірден басқаларды кінәламай, өзіңіздің әрекеттеріңізге шолу жасаңыз. Өзіңіздің бір нәрсені дұрыс істемегеніңізді мойындау – әлсіздік емес.
Жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз
Адамдар басқалардың айтқан сөзін немесе әрекетін жиі көңіліне алады немесе оларға ренжіп қалады. Алайда басқалардың әрекетінде сіз жоқсыз. Олардың істеген нәрселері – олардың ішкі жан-дүниесін көрсетеді. Барлық нәрсені өзіңізге қабылдауды доғарыңыз. Сол кезде өміріңіз де жеңілдей түседі.
Бірдеңе айтпас бұрын жақсылап ойланыңыз
«Айтылған сөз – атылған оқ». Көпшілік ашумен жағымсыз нәрселер айтады да, кейін ол үшін қатты өкінеді. Сондықтан бірдеңе айтардан бұрын жақсылап ойланып алыңыз. Ашу үстінде болсаңыз, ештеңе айтпай-ақ қойыңыз. Себебі адамдар жиі ашу үстінде бір-бірлеріне өте ауыр сөздер айтады. Бұл сөздер кейін жақыныңыздың жүрегінде қалып қоюы мүмкін. Сондықтан әңгімені тынышталғаннан кейін жалғастырыңыз.
Өзіңізді жақсы көріңіз
Әдетте, өзін жақсы көретін адамдар айналасындағыларды да жақсы көреді. Өз-өзіне қамқор болатын адамның басқаларға да берері бар. Айналаңызды жақсы көрсеңіз, оған жаман нәрсе жасамайсыз. Өзіңізді сынға ала бермеңіз, өз болмысыңызды қабылдап үйреніңіз. Алайда дамуды тоқтатпаңыз.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz.