Кредитті жылдам жабудың 7 әдісі

0 14

1. Шығынды есептеу

Ең алдымен өзіңіздің кірісіңіз бен шығыныңызға сараптама жасау немесе ай сайынғы нәтижені жазып отыратын есеп кітапшасын арнау. Бұл қандай нәрседен үнем жасауға болатынын және үнемделген ақшаны пайдалы іске, яғни кредитті жабуға көмектесетінін түсінуге мүмкіндік береді. Бастысы — төлем кестесін жасап алып, сол кестеден кешікпей несиені төлеуге талпыну керек.

Есте сақтаңыз! Ай сайынғы шығындарды қысқартамын деп өзіңізге қажетті дәрі-дәрмекті сатып алудан немесе жеке шоттарға ақша төлеуден бас тартуға болмайды. Ал шоппинг немесе ойын-сауыққа жұмсалған қаржы уақытша болса да сіздің кредитіңіздің жабылуына кедергі келтіреді.

2. Бәрін кейінге шегеріп, үнемдеңіз

Өзіңіздің шығын жоспарыңызға бір қарап, оны тағы 30%-ға азайтыңыз. Сырттан тамақтану немесе автоматтан кофе сатып алу сияқты түрлі ұсақ-түйектерден бас тартыңыз. Сонда қанша ақша үнемдегеніңізді өзіңіз де байқап, кейбір нәрселерді кейінге шегеріп, кредитке төленетін қаржыны артығымен шығарып аласыз.

3. Қосымша кіріс көздерін тауып алу

Кредитті жылдам жауып тастау үшін өзіңізді қосымша жұмыс істеуден аямаңыз. Өзіңіз жұмыс істейтін жерден ақша төленетін артық жұмыс уақытын сұрап көріңіз немесе кейін жай ғана кетіп қалатын қосымша іс істеңіз (жеке сабақтар беру, консультация өткізу, мәтіндер жазу, әлеуметтік желідегі жұмыстар т.б.). Тапқан табысыңызды тездетіп кредитіңізді жабуға жұмсаңыз. Сондай-ақ, ескі қарыздарды да қайтаруды ұмытып кетпеңіз.

4. Айына 10% артық төлеу

Көпшілігі белгіленген соманы уақытымен өтеп отырсам, үнемдеймін деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде банк кредитті төменгі пайызда есептеп, сіздің ұзақ уақыт бойы төлеуіңізді, ал кредит ұйымы сіз арқылы пайда табуын қамтамасыз етеді.

Сондықтан кредит бойынша төлемді 10%-ға арттыру керек. Ал егер бірнеше кредитіңіз болса басқаша амал әрекет жасауға тура келеді. Мысалы ипотека, автокөлік сатып алуға, пәтердің жөндеу жұмыстарына алынған несие. Мұндай жағдайда барлық кредиттің 10%-ын жабудан ешнәрсе ұтпайсыз, есесіне кішіден үлкенге қарай ұмтылсаңыз, жағдай біраз жеңілдейді. Алдымен кредит бойынша төлем сомасын арттырып және оны бірнеше айға жаба тұрыңыз. Содан кейін мысалы автокөлік үшін алынған кредитке кететін қаражатты екінші бір кредитті жабуға жұмсайсыз және оның үстіне 10%-ды қосамыз. Осылайша қарызды екі-үш есеге жылдам жабуға болады.

5. Алдымен пайызы жоғары кредитті жабу

Қазіргі уақытта басында бір емес бірнеше кредиті бар қазақстандықтар жоқ емес. Бірнеше несиені жылдам жабудың тағы бір жолы бар. Біріншіден, пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары қарызды жауып тастау. Мұндай несиені жауып тастау артық төлем құнын төмендетеді, ал үнемделген ақшаны екінші бір қарызды жабуға жұмсаңыз. Бастысы екі жақты төлем жасаймын деп несие мерзімін өткізіп алудан аулақ болыңыз.

Екіншіден, ең қымбат кредитті жауып тастаған соң сомасы аз қарыздарды төлеуге кірісіңіз. Ал ипотека сияқты ұзақ мерзімді кредиттермен соңында айналысыңыз.

6. Кредитті қайта қаржыландыру

Борышкерлер — банк үшін бағалы адамдар. Сондықтан олар басқа да қызмет түрлерін ұсынатыны белгілі. Солардың бірі кредитті қайта қаржыландыру. Бүл дегеніміз — алғашқы кредитті жабу үшін жаңа кредит рәсімдеу. Әрі мұндай кредиттің пайыздық мөлшерлемесі төмен болады және артық төлем болмауы мүмкін. Алайда кішігірім несиені өтеу үшін ірі көлемде кредит алудың қажеті жоқ.

7. Кредитті толық жабу

Кредит бойынша төлем аяқталғаннан кейін, банктен ешқандай қарызыңыз жоқ екендігі туралы анықтама алыңыз. Кейде жай ғана тиын қалып қалған жағдайда оның үстіне пайызы, банктің комиссиясы қосылады. Осылайша сіз шығынға батып қалуыңыз мүмкін.Сондықтан мұндай олқылықтар болмас үшін, әрі келесі бір несие алғанда да қосымша қажетті құжат ретінде анықтама болғаны жөн.

Дереккөз: «jas.kz»

Leave A Reply

Your email address will not be published.