Қазақстанда салық төлеу науқаны басталды. Бірақ жыл сайын өтетін науқанның ел білмейтін жайттары баршылық. Солардың бірі – көлік салығы.
Жиі қойылатын сауалдардың бірі – сенімхат арқылы сатылған көліктің салығын кім төлейді деген сауал.
Бұл сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті былай деп жауап береді:
«Салық кодексіне сай, көлік кімнің атына тіркелсе, салықты да сол физикалық тұлға төлейді. Сондықтан автокөліктің иесі сіз әрі ол сіздің атыңызға тіркелгендіктен, көлік салығын да өзіңіз төлейсіз. Немесе Сіздің атыңыздан көлікті сенімхат арқылы алған азамат төлесе болады. Ол үшін салық төлерде автотранспорт иесінің аты-жөні мен ЖСН нөмірін көрсету керек«, — деп түсіндірді комитет мамандары.