«Астана» қаржы орталығының салық саясаты әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді

0 38

«Астана» халықаралық қаржы орталығының салық есептерінің ашықтығы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, талаптардың сәйкестігін Экономикалық ынтымақтастық және даму халықаралық ұйымы растаған. Айта кетейік, 2016 жылы аталған ұйым G20 елдерімен бірлесіп, пайданы салық төңіреген шығаруға қарсы инклюзивті бағдарлама енгізген. «Бүгінде бағдарлама шеңберінде әлемнің 135-тен астам елінде салық төлеуден жалтарушыларға қарсы және ашық салық саясатын қалыптастыруға бағытталған 15 стандарт іске асып жатыр.

Осы орайда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «Астана» халықаралық қаржы орталығына Қазақстанның BEPS стандарттарына сәйкестендіруді ұсынды. Осыған байланысты 2021 жылы «Астана» ХҚО Қаржы министрлігімен келісіп, корпоративтік табыс салығын және қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын елдердің қатысушысы ережелерін қабылдады», — делінген министрліктің хабарламасында.

Қоса кетсек, бұған дейін салық міндеттемелерін уақытылы орындамаған заңды тұлғалар енді әрекетсіз деп танылғандар тізіміне енуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.