Қазақстанда сауда саясаты тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

0 39

 Елімізде сауда саясаты туралы тұжырымдама әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Сауда министрлігінде сауда саясаты бойынша тұжырымдама әзірлеп жатырмыз. Бұл міндетті түрде бизнеспен бірлесіп жасап, жұмыс істейтін құжат болуы керек. Бұл туралы елордадағы кеңесте ірі бизнес өкілдерін хабардар еттім. Сонымен қатар тұжырымдама жайында Алматы облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездескенде айттым. Біз мемлекет пен бизнес үшін тиімді құжат жасауға мүдделі барлық азаматтан ұсыныстар күтеміз», — деп жазды Серік Жұманғарин Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары сауда саясаты тұжырымдамасына қатысты ұсыныстарды Сауда және интеграция министрлігіне жолдауға болатынын айтты.

Оның айтуынша, келіп түскен ұсыныстар мен пікірлер жұмыс тобында қаралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.