Ұлттық мүддені қорғауға бағытталған саясатты жоғары кәсіби деңгейде жүргіземіз — Президент

0 13

– Ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да аса қырағы болуымыз керек. Отанымыздың ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған саясатты жоғары кәсіби деңгейде жүргіземіз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты.

«Шын мәнінде, Отанымыз – бір, халқымыз да – бір. Бұл – ең басты қағидат. Қазақстанды көре алмайтын елдер бар екеніне бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да аса қырағы болуымыз керек. Отанымыздың ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған саясатты жоғары кәсіби деңгейде жүргіземіз. Сөз реті келгенде мен тағы бір маңызды мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен еңбек құндылығы туралы үнемі айтып жүрмін. Біздің қоғамда еңбек адамы ең құрметті адам болуға тиіс. Әркімге еңбегіне сай, лайықты жалақы төленуі керек. Еңбектің қадірін білетін жұрт қана еңбекқор ұлтқа айналады. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным», — деді ҚР Президенті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.