Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Отырысқа ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысып жатыр.
Атап айтқанда, Парламент палаталары Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгерлік контингентін жіберу тақырыбын қарайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 17 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтар сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.