«Әжесін неге құттықтамайды»: 8 наурызбен аналарын ғана құттықтаған Қайрат Нұртастың ұлдары жұртқа жақпай қалды
Бұл туралы «ZhambylNews» АА Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұлдызды жұптың үлкен ұлы Нарұл «Анашым, сізді 8 наурызбен құттықтаймын! Ауырмаңыз ұзақ болсын, әдемі болыңыз, қартаймаңыз», — деп анасына жылы лебізін білдірді.
Ал кіші ұлы Хан анасын орыс тілінде құттықтады.
«Сені 8 наурызбен құттықтаймын! Саған бар жақсылықты тілеймін! Сен әлемдегі ең ғажап анасың!», — деп құттықтады Хан
Желі оқырмандарына танымал жұптардың ұлдары тек анасын құттықтағаны жақпай қалды.
«Атаңа не істесең алдыңа сол келеді. Ертең немерең өз анасын құттықтап, сені атамаса сол кезде есіңе түседі. Ол да кеш емес.», «Гүлзира әже, Бекзада әже деп құттықтаса да артық болмас еді. Балаға айтып отыру керек», «Гүлзира әжеңді неге құттықтамадың», «Жұлдыз сондай ақылдысың. Бірақ, неге апасын да қосып айтпайды?», — деп пікірлерін білдірді желі оқырмандары.