Ресейлік әйел Димаш Құдайбергеннің тегін алды

0 6

Ресей тұрғыны Кристина Алексеенко Димаш Құдайбергеннің тегін алды. Ол сүйікті әртісіне деген алғысын осылай жеткізгісі келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ресми түрде Құдайбергенова. Өзіме сондай ұнайды. Бұл фамилиямен есімім де күштірек естіле бастады.

2019 жылдың 7 қыркүйегінде Димаштың шығармашылығымен таныстым. Ди алғашқы секундтардан бастап менің жүрегімді жаулап алды. Сол кездің өзінде «Құдайберген(-ов) деген сөздің өзі әдемі естілді.
Кейде оның фамилиясын өзімдікіне қойып жүрдім. Бірақ оны шынайы деп қабылдамадым, тек әзіл үшін», — деп бөлісті Кристина.

Наурыз айында Кристина құрбысымен сөйлесіп отырып осы тақырыпты қозғаған.

«Кудайбергенова Кристина Николаевна. Дегенмен әдемі естіледі. Құрбым: «Барлығы өз қолыңда», — деп жазды. Кейін тегімді ауыстырамын деп шештім», — дейді әйел.

Кристина 2021 жылы үш бірдей жақынынан айырылған. Айтуынша, қайғыға жұтылмай, бас көтеруіне Димаштың шығармашылығы себеп болыпты.

«Мен оның әндерін көп рет қайталап тыңдадым. Даусын тыңдай отырып, жанымның бос кеңістігін толтырып, жүрегімнің ауырғанын бастым. Менің өмір сүруіме қажетті эликсир.

Димашпен мен өмірімнің әрі қарай жалғасатынын және өмір сүру керектігін түсіндім. Оның тегін маған жасаған бар жақсылығы үшін аламын. Өмірімде пайда болғаны үшін Димашқа алғысым шексіз», — деп бөлісті Кристина.

Әйелдің айтуынша, «Димаш оның жүрегін, ал ол Димаштың тегін ұрлаған».

Leave A Reply

Your email address will not be published.