Мейіржан Төребаев түскен «Патруль» сериалы енді Польшада түсіріледі

0 12

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов түскен «Патруль» сериалы енді Польша елінде түсіріледі. Аталған мемлекет телехикаяның франшизасын сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы продюсер, сценарист Марат Оралғазин Instagram парақшасында хабарлады.

«Сүйінші, достар! Құттықтап қойсаңыздар болады! «BAS production» студиясының туындысы «ПАТРУЛЬ» сериалы енді Польша елінде түсіріле бастады!

Біздің жазған сценарий мен форматтың франшизасын ПОЛЬША елі сатып алды. Түсірілім басталып кетті!

Жуырда Польша көрермендері қазақстандық сериалдың адаптациясын көре алады. Қателеспесем, бұл шетелге франшиза – формат ретінде сатылған алғашқы ТВ өнім!

Біздің ұжым үшін бұл үлкен жетістік, әрі мәртебе! Жаңа белес! Бастысы, бағыт айқын. Бұл тек бастамасы болсын.

Креативті индустрия деген осы ма, ағайын? Қазақтың қолынан бәрі келеді! Өз қолымыздан, ойымыздан шыққан дүние Европада бағаланып жатқаны барлығымыз үшін үлкен мотивация! Мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Еңбек бәрін жеңбек!  Бұл әлемдік индустрияда Қазақстан экспансиясың бастамасы ғана деп сенейік!

Ізгі ниетпен “БАС продакшн” ұжымы! Бәрі жақсы болады!» –  деп жазды ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.