«Ұят екен»: Баян Алагөзова Қуандық Шәкіржановпен сүйіскен видеосын жариялады

0 1 750

Баян Алагөзова тағы да ел назарына ілікті. Бұл жолы продюсер кинодағы серіктесі, актер Қуандық Шәкіржановпен сүйіскен видеосын жариялап, желіні шулатты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алагөзова мен Шәкіржанов бір фильмде ғашықтардың рөлін сомдаған. Осы ретте Баян Мақсатқызы экрандағы ғашығының өнеріне жоғары баға берді.

«Кинодағы серігіммен жолым болды, ол ғажап. Ал сценарий өте қызық. Қысқасы, сіздерді жақсы кино күтеді», – деп бөлісті ол.

Одан бөлек, Алагөзова Шәкіржановпен сүйіскен сәтін жариялап, желіні бір шулатып алды. Желі қолданушылары ересек жастағы қазақ актерлеріне мұндай қылықтың жараспайтынын айтты.

«Ұят екен», «Қуандықтың арманы жоқ шығар», «Ерсіз ғой енді бұл», «Кино, роль деп, қандай болса да, қазаққа жат қылық бұл», «Енді жетпегені осы еді», «Ұл-қыздарынан ұялмай ма?», «Әйелі қызғанбай ма екен?» –  деп сынады Instagram қолданушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.