Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп формасының құнына шағымданды. Актрисаның айтуынша, Аймағамбетов айтқан 36 мың теңгеге мектепке қажетті заттың бәрін алу мүмкін емес. Ол балаларына керекті киімдерді жарым-жартылай алғанның өзінде 358 мың теңге жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Адам көп, таңдау жоқ деуге болады. Министрдің мектеп формасын алуға 35 мың теңгені қалай жеткізгені туралы кім біледі?» – дейді Жұлдыз.
Әбдікәрімова халық ұсынған арзан дүкенге барып көргенін айтты. Сөзінше ол жерден 4 галстук пен бір белдемше алып, оның өзіне 16 мың теңге төлеген.
«Министрді қаралау мақсатым емес. Ол кісінің жұмысына, білім саласына әкелген тың өзгерістеріне ризамын. Байқасаңыздар, билік өкілдерінің ешқайсысына жақын емеспін. Бірақ осы министрдің жүзі жылы, оқыған, көрген, білімді адам деп қабылдаймын.
Ал мектеп формаларының арзан емес екені шындық. Өз басым туғаныма жақпаса да, шындықты айтқанды ұнатамын. Сондықтан қазіргі халықтың шындығы – мектеп формасының қолжетімсіздігі.\
«Президент келе жатыр», «министр келе жатыр» деп, ең жақсы дүниесін шығарып, арзандатып қоятындар бар. Сөйтіп, «Керемет Қазақстанды» көрсетіп қояды. Ал қарапайым халық келсе, «Реально Қазақстанға» түседі», – дейді Әбдікәрімова.
Әбдікәрімова ақыр аяғында үш баланың мектеп формасына 358 мың теңге жұмсағанын айтты.
«Оның өзінде қажетті киімнің бәрін алмадым. Бұл сомаға кеңсе тауарлары кірмейді», – дейді Жұлдыз.