Арман Қоңыр мен Аша Матай үйленгендеріне 7 жыл толғанын атап өтті

0 28

Бір кездері ел ажырасты деп шуласқан Арман Қоңыр мен Аша Матайдың шаңырағында қуаныш. Жұлдызды жұптың отау құрғанына 7 жыл толған. Осы ретте Арман мен Аша оңашада романтикалық кешкі ас ішіп, әсерлі сәттің кадрларын желіде жариялады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Mysterions тобының солисі Арман мен тележүргізуші Аша осыдан 7 жыл бұрын отау құрды. Бүгінде екеуінің Асылым, Айым есімді қос қызы өсіп келеді. Қазақстандықтар Арман мен Ашаны «шоу-бизнестегі ең сүйкімді жұп» деп атап кеткен. Алайда жұрт қызыға қарайтын жұп жайлы былтыр «ажырасты» деген қауесет тараған еді. Арман мен Аша бір-бірін желіден өшіріп, тіпті бірге түскен суреттерін парақшаларынан алып тастаған.

Оның үстіне оқырмандар Ашаның төркіндетіп жүргенін жиі байқайтын. Алайда бұған қатысты Арман да, Аша да көпке сыр білдірген жоқ. Біраз уақыттан кейін елдің көзіне бірге түсіп, қайта қосылғандарын көрсетті.

Ал күні кеше екеуінің отауласқанына тура 7 жыл толған. Осы ретте Арман мен Аша оңашада романтикалық кешкі ас ішіп, әсерлі сәттің кадрларын желіде жариялады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.