Асылхан Төлепов марқұм ұлын еске алды

0 18

Танымал актер Асылхан Төлепов былтыр наурыз айында дүниеден өткен ұлын түсінде көргенін айтып, сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Құлыншағым, Ахан балам, Ассалаумағалейкүм! Сені бүгін түсімде көрдім…Көріп мәз болдым. Бірақ ол түс. Сен ойнап, жүгіріп жүрсің. Алпамыс ағаң сені иіскеп, ойнатып жүр екен. “Менің балам тірі” деп айта алмай, адамдарды сендіре алмай жүрмін. Оянып, түс екеніне көзім жетіп көңілім түсті. Батырым менің, сені сағындық. Жатқан жерің жайлы болсын! Бәрімізге шапағатшы болуыңды Алла нәсіп етсін”, – деп жазды Асылхан.

Асылхан Төлепов – қазақстандық актер. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай батырдың рөлін сомдап, көпшілікке таныла бастады. Ол 2017 жылы отбасын құрып, тұңғышы –  Алпамыс  және екінші ұлы Ахан 2021 жылы  дүниеге келген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.