Сахнаға шортымен шыққан Нұрболат Абдуллин өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, әнші отбасымен Мальдив аралдарында демалып жүр. Ол сахнада шортымен өнер көрсетуін жергілікті жердің ауа райымен байланыстырды.
“Жапырақ байлап шықпағаныма шүкір деңіздер. Мына жақтың ыстығын айта алмаймын. Киркоровкаға да бардыңыздар ғой”, – деді өнер иесі.
Сондай-ақ, ол оқырмандардан келген бірнеше сұрақтарды да елеусіз қалдырмады.
“Үйленгенде өзімен кіші қыз алайын ба, әлде жасы үлкенін алайын ба?” деген сауалға ол: “Шамаңа қарап аласың ғой не болса да” деп жауап берді. Әнші танымалдылық жолында уақытын құрбан еткенін жасырмады.