Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Райымбек пен Ерке Оралдағы мешіттердің бірінде некелерін қиды.
“Интернеттегі әңгімеге тойсаңыздар, шапалақ ұрыңыздар. Мен шындықты көрсетейін. Осы жағдай біздің арамыздағы сыйластық, сенім, махаббат, қолдау қорғау, құштарлық сезімдерінің бәрін күшейтті. Аллаға шүкір! Біздің жоспарымыздан Алланың жоспары әрқашан мықтырақ. Бәрі хайырымен болды”, – деп жазды Ерке.
“Бақ тілеп біреу сүйінді,
Ғайбаттап біреу күйінді.
Адамды алла қоспай ма,
Кім ұқсын менің күйімді.
Батыстан ұшқан аққу ем,
Батыстан таптым үйімді.
Ақ мешітінде Оралдың
Ақ некеміз қиылды.
Көп көрмесе екен ағайын,
Алладан алған сыйымды.
Хадиша салған жолменен,
Басыма бақыт бұйырды”, – делінген жазбада.
Райым Бақтыгереев те мұсылман неке куәлігін алғанын көрсетіп, желіге сурет жүктеді.