«Кешір мені, балам». Меруерт Түсіпбаева өмірдегі өкінішін айтты

0 17

Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева кезінде жалғыз ұлына дұрыс көңіл бөле алмағанын айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Қазір бір тал балам есейіп, басқа мемлекетте өз өмірін сүріп жатқанда мен қандай ана болғанымды есіме түсірсем, қуыстанамын. Балам менің келгеніме қуанып, алдымнан атып шыққанда: “Отойди (Қаш! Асығыспын!)“ дегенім ғана есімде. Жанталасып,🥲күйбең тірлікпен өмірдің өтіп кеткенін аңғармаппын”, – деп жазды өнер иесі.

Әнші осы ісіне өкінетінін айтып, ұлынан кешірім сұрады.

“Кешір мені, балам. Серт беремін! Мен жақсы әже боламын”, – деді ол.

Айта кетейік, әншінің ұлы Нұрғиса қазір Еуропада ІТ саласында оқып жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.