Қайнар Алагөзов айтыс үйірмесін ашпақ

0 3

Танымал ақын, көптеген хит әндердің сөзін жазған Қайнар Алагөзов Ақтөбеден айтыс үйірмесін ашқысы келетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ассалаумағалейкум, достар! Бір бастан екі бас жақсы дейді ғой! Сіздермен ақылдасайын деп едім. Ақтөбе қаласынан “Айтыс” үйірмесін ашсам, қалай қарайсыздар?”, – деп көпшіліктің ойын сұрады.

Жұрт ақынның осы бір ұсынысын күткендей үйірме емес, мектеп ашу керегін айтып, бәрі бірауыздан қолдады.

“Қолдаймыз Қайнаржан”, “Жақсы бастамаға мұрындық болсаңыз ежелден келе жатқан айтыс өнеріне зор үлес қосар едіңіз”, “Үйірме емес мектеп ашу керек”, “Өзіңнен сабақ алса жаман болмайды”, “Шәкірт тәрбиелеп, үлкен жетістікке жетуді Алла нәсіп етсін”, – деп демеу беріп, тілектес екендерін білдірген жандар көп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.