«Назар аудар» театрының мүшесі, оралдық әзілкеш Ақболат Өтебай “40 сұрақ” бағдарламасында шоу-бизнестің Оралда дамитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Биыл Оралда “урожай” болып кетті. Блогерден Әйгерім Абдуллаева, Рәзия оралдық жігіттерге тұрмысқа шығып, Оралдың келіні болды. Жахан Отарғалиев “KeshYou-дің” қызы Балжан Бидашты алды. Бізден кіші қызды алып, “жеңге” қылып қойды. Райым бізден үлкен қызды алып, “келін” қылды. Шүкір, шоу-бизнестің бәрі Оралда дамитын сияқты. Жақында бәріміз Алматыдан Оралға көшеміз”, – дейді Ақболат.
Әзілкеш жерлестеріне қарап “сәл ерте үйленіп қойдым ба?” деген ойда қалғанын да жасырмады.
“Неге олай екенін, Оралдың жігіттері өтімді. Олар өздерінің ішкі жан дүниесін, шынайылығын жеткізе алатын шығар. Қыздарға сонысымен ұнаса керек”, – деді ол.