Немерелі болған айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдина бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды. Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4:25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік. Барлықтарыңызға жұғысты болсын тілекшілерім”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Ақынның келіні Мәдина да әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі мен баласының суретін жариялады.
“Міндетті түрде бәрін айтып, көрсетемін. Әзірге күш жинап, баламмен байланыс орнатып жатырмын. Ұйқысыз түндер басталып кетті”, – дейді ол.
Желі қолданушылары ақынды қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.
“Немеренің бауы берік болсын”, “Ғұмыры сұлу ұл болсын”, “Айнұр Тұрсынбаеваның кішкентай Әлемі – үлкен әлемге қош келдің”, “Құтты болсын”, “Немерелі болуыңызбен”, – деп жарыса жазды желідегілер.