Димаш қытайлық мифологиялық көркем фильмді дубляждады

0 11

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы «Weibo» әлеуметтік желісінде (Facebook-тің қытайша нұсқасы) танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді жариялады, деп хабарлады Kazinform.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады.

Қытай мифтері мен аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға.

Қытайдағы ақпарат құралдарының хабарлауынша, фильмді қазақ тілінде дубляждау үшін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.