Жамбылдық оқушы дүниежүзілік гимназиададан бас жүлде алды

0 16
Дүниежүзілік гимназиадада таэквондодан Тараз қаласы А.Пушкин атындағы №41 орта мектебінің оқушысы Азиза Каражанова  жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Биыл Дүниежүзілік ХІХ жазғы оқушылар Гимназиадасы Францияда (Нормандия) 14-22 мамыр аралығында өтуде. Сондай ақ ,  20 спорт түрінен сайыстар 9 қалада өткізіліп жатыр.
Айта кетейік, Халықаралық мектеп оқушыларының гимназиадасы – 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған ірі халықаралық мультиспорттық іс-шара. Бұл ірі халықаралық спорттық жоба алғаш рет 1974 жылы ұйымдастырылған.
Бұған дейін Францияда төрт халықаралық гимназиада өткізілген. 2024 жылы Парижде Олимпия ойындары өтетінін ескерсек, оқушылар арасындағы бірегей халықаралық спорттық іс-шараның маңыздылығы зор.
Leave A Reply

Your email address will not be published.