Мойынқұмда «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында аудандық спартакиада өтті

0 24
Шығанақ ауылдық округінде балалар жылына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында аудандық спартакиадасы өтті — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Атап айтатын болсақ қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру, асық ойыны және де кіші футболдан аудандық турнирі ұйымдастырылып өткізілді. Қол күреске 7 адам қатысып, 1-орын алған Маламанов Даур, 2 орын- Қойшыбек Берік, 3-орын Мусаралиев Руслан. Гір тасын көтеруден 10 адам қатысып, 1 орын алған Кеңесбек Әлібек, 2-орын Мархабай Әлішер 3-орын Серікбай Еркебұлан алды.
Арқан тартуға 5 команда қатысып, 1-орын Шығанақ ауылының жастар командасы, 2-орын достар командасы(Шығанақ), 3-орын Мыңарал ауылының командасы иеленді.
Асық атудан 4 команда қатысып, 1-орын алған Мыңарал командасы, 2-орын Шығанақ жастары, 3-орын Шығанақ ауылы командасы алды.
Кіші футболға 9 команда қатысып, 1-орынды Мыңарал  командасы алса, жүлделі 2- орынды  Шығанақ жастары командасы иеленді. Ал кезекті 3- орын Мыңарал  командасына бұйырды. 
Leave A Reply

Your email address will not be published.