«Басты байлық – денсаулық» атты спорттық турнир өтті

0 22
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы бірлесе «Басты байлық – денсаулық» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындарынан спорттық турнир өткізді ,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Зағип оқырмандарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау, спорттағы жетістіктерге ынталандыру мақсатында және «Қазақ соқырлар қоғамына» 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарыс Шымкент қалалық арнайы кітапханасында өтті.
Турнирге барлығы 12 спортшы қатысты. Олар ой жүйріктігін қажет ететін ойында зерек зейіндерімен тамаша ойын комбинацияларын қолданып белсенділік танытты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.