Жаз мезгілі де аяқталуға жақын. Алда күз мезгілі. Жаңа оқу жылы да басталады. Балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қоса мектеп формасын алу қажет. Ал, «оны біреудің жағдайы көтереді, біреудікі көтермейді» дегендей ғой. Республикалық «Мектепке жол» деген акция бар. Біраз жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Тұрмыстық жағдайға байланысты аз қамтылған отбасы балаларын қолдауға арналған ауқымды акция бұл. Яғни, демеуші тарапынан мектепте білім алатын аз қамтылған отбасы балаларына 100 балаға мектепке қажетті заттар таратылды.
Т.Рысқұлов ауданы орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебін 2002 жылы бітірген түлектер өздері білім алған мектепке ерекше тарту жасады. «Шекарасыз жақсылық» ұранымен аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен қайырымдылық іс-шарасында олар жекелеген санаттағы 100 оқушыларға спорттық киімдер мен оқу құралдарын сыйға тартты.