Жуалыда дзюдодан республикалық ашық турнир өтті

0 10

Жуалыда халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған дзюдодан республикалық ашық турнир өтті.

Бұл жарысқа 450-ге жуық жас дзюдошылар қатысты, -Абай және Түркістан облысы, Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Тұрар Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандарынан келген спортшылар 13 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Жарысты аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов ашты.
Содан кейін, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларды құттықтап, жазушының мұрасы мәңгі тарихта қалатынын айтып, ізгі лебізін білдірді.

Турнир өте тартысты әрі қызықты өтті. Жас дзюдошылар боз кілемге шығып, әрқайсысы қарсыласына дес бермей, шыдаммен қайрат көрсетті. Жарысқа жиналған жанкүйер оларға қолдау көрсетіп отырды.
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.