Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

0 6

5 қараша күні АҚШ-тағы Armory аренасында (Миннесота, АҚШ) PBC және Showtime бокс кеші өтеді. Кеште WBA Regular нұсқасы бойынша кубалық әлем чемпионы Давид Моррель (7-0, 6 КО) чемпиондық атаққа үміткер қазақстандық Айдос Ербосынұлымен (16-0, 11 КО) кездеседі, деп хабарлайды  Sports.kz сайты.

Бокс кешін ұйымдастырушылар алдағы шара туралы ресми түрде жариялады.

«WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақта чемпион Давид Моррель 5 қарашада өзі сияқты жеңіліп көрмеген чемпиондық атаққа үміткер Айдос Ербосынұлымен 12 раундтық жекпе-жекте кездеседі», — делінген РВС хабарламасында.

Негізгі жекпе-жек WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша АҚШ-тан шыққан әлем чемпионы Джейсон Росарио (23-3-1, 17 КО) мен жеңіліп көрмеген кубалық боксшы Йоэлвис Гомес (6-0, 5 КО) арасында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.