Ерекше режимдегі түзеу мекемесінде 9-мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өтті

0 53

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру спорт басқармасымен бірлесіп, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 түзеу мекемесінде 9-мамыр Жеңіс күніне орай сотталғандар арасында футболдан, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес ойындарынан спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Сотталғандар арасында спорттық сайыстар және іс-шаралар ұйымдастырудағы басты мақсат-оларды қоғамға бейімдей отырып, қылмыстық алдын алу және олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арнау. Іс-шараға жазасын өтеп жатқан барлық сотталған азаматтар қатысты.

Спорттық іс-шараға белсене қатысқан және жүлделі орын алған сотталғандарды мекеме бастығының дипломымымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.