Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Ардагерлерді қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында және 6 шілде – Астана қаласының 25 жылдығы аясында ардагерлер арасында спорт түрлерінен аудандық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, ардагерлерге сәттілік тіледі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз алып, құттықтау лебізін білдірді.
Жарыс шахмат, дойбы, дартс сияқты ойын түрлерінен өтіп, Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден 40-қа тарта аудан қариялары қатысты.
Тартысты өткен жарыстың жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы өзі марапаттап, арнайы дайындалған дипломдармен, заттай сыйлықтарды табыс етті.