Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Тбилиси» (Грузия) командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойын барысында грузиялық футболшылардың белсенділігі байқалды. Қазақстандық клуб қақпасында жиі бой көрсетті. Оған «Астана» футболшылары лайықты қарсылық көрсетті. Ойынның 22-минутында «Динамоның» жартылай қорғаушысы Усман Камара қазақстандық қорғаушылардың қателігін пайдаланып, есеп ашып кетті.
Екінші кезеңнің алғашқы минутында «Астана» командасы таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Нәтижесінде Абзал Бейсебеков 50, Дембо Дарбо 51-минутында екі гол соғып кетті.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
«Астана» енді екінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 25 шілде және 1 тамыз күндері болады.
Айта кетсек, «Астана» 2015/16 жылғы кезеңде аталған турнирдің топтық кезеңінде ойын көрсетті.
Ал 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.
https://www.inform.kz/kz/chempiondar-ligasynda-astana-gruziyalyk-dinamomen-oynaydy_a4081301
Ал «Динамо Тбилиси» Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында 27 шілде мен 3 тамызда Мальтаның «Хамрун Спартанс» (Хамрун) командасымен кездеседі.