«Барыс» бүгін елордада Ресейдің «Динамо» командасымен кездеседі

0 1

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу бүгін, 11 қазан күні, сағат 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездесті. Оның 12-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 15 ойыннан кейін 13 ұпаймен 20-орында тұр, ал «Динамо» 16 ойыннан кейін 22 ұпаймен 6-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

«Барыс» бұдан кейін тағы екі кездесуін өз алаңында өткізеді. Алдымен, 13 қазанда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасымен кездессе, 15 қазанда «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.