Бокстан әлем чемпионатында 4 қыркүйекте қазақстандық екі боксшы сынға түседі

0 2

World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында бүгін, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады.

Дүбірлі додада отандастарымыз арасынан алғашқы болып әйелдер арасында Элина Базарова (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Ол екінші жұпта А рингінде шеберлік байқасады. Кешкі сеғссия қазақстандық уақытпен 22:00-ге белгіленген.

Сондай-ақ кшкі сессияда 13-жұпта Б рингінде Сағындық Тоғамбай (90 келі) англиялық Айзек Окомен қолғап түйістіреді.

World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер — 329, әйелдер — 225) келді.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.