Сарысу ауданында спорт саласы қарыштап дамып келеді. Салауатты өмір салтын серік еткен жас өрендер түрлі сайыстарда топ жарып, ауданымыздың абыройын көкке көтеріп жүр. Бүгін Түркиядан ақжолтай хабар келіп жетті.
Түркия мемлекетінің Анталия қаласында 2026 жылдың 12–18 мамыр аралығында өткен джиу-джитсудан Әлем біріншілігінде Ju-Jitsu World Championship фулл-контакт және хиф-контакт бөлімдері бойынша Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жанель Әлмағанбет юниорлар арасында +70 кг салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей І орын иеленіп, Әлем чемпионы атанды. Жаттықтырушысы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Уалихан Кемаловтың үкілеген үміті ақталып, шәкірті биік белесті бағындырды.



Sign in