Бокстан Қазақстан командасы Бакудегі «Жібек жолы» турнирінде алғашқы жүлделерді еншіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ермек Мәдиев пен Әлібек Алмасбек жартылай финалда есе жіберіп, қола медальға ие болды.
Бұл ретте, тағы алты боксшы финалға шықты. Алтын жүлде үшін 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айқынбай Шалқар бақ сынайды. Олжас Байниязов 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда әзербайжандық боксшымен жұдырықтасады. Оразбек Асылқұлов 56 келіге дейінгі, ал Бақберген Сабыржан 64 келіге дейінгі санатта жекпе-жекке шығады. Сондай-ақ, басты айқаста Өскенбек Мәулен (69 келіге дейінгі) мен Данила Семенов (91 келіден астам) өнер көрсетеді.
Әзербайжандағы турнирге ел намысын қорғауға 6 боксшы аттанғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Байрақты бәсеке 2 сәуірге дейін жалғасады.