«Тараз-Арена» спорт сарайында «Ашық есік күні» өтті

0 5

Бүгін, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ашық есік күні» іс-шарасы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтті. «Тараз-Арена» спорт сарайының директоры С.Н.Байұзақұлы кешеннің құрылымымен таныстырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жалпы, спорт кешенінде 12 жаттығу бөлмесі таңғы сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс атқарады.Атап айтқанда, спорт сарайында заманауи бессайыс, жүзу, су добы, волейбол, баскетбол, армрестлинг, пауэрлифтинг, бокс, грек-рим және еркін күресі, қазақ күресі, жекпе-жек, үстел теннисі, таеквондо, дзюдо, самбо, спорттық би, боди балет, оқ ату түрлерінен жаттығу залдары бар.

2017-2018 оқу жылында «Тараз-Арена» спорт сарайында спорт мекемелерінің 1201 спортшысы спортпен шұғылданып, 37 жаттықтырушы жұмыс атқарды.

Қуантарлық жайттың бірі, жүзу бассейніне көпбалалы отбасыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған, сонымен қатар, мүгедектерге тегін қызмет көрсетіледі. Бүгінгі таңда, 803 көпбалалы отбасынан шыққан балалар және 150 мүгедек балалар жүзу бассейніне тегін қатысып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.