Токио-2020: Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияға есе жіберді

0 2

Токио Олимпиадасында су добынан Қазақстан құрамасы қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Zhambylnews” AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңдегі екінші кездесуін Сербия құрамасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында 5:19 есебімен қарсыласына есе жіберді. Құрама сапынан Евгений Медведев пен Сржан Вуксанович екі-екіден мергендік танытса, Дусан Маркович бір голдың авторы атанды.

Енді қазақстандық құрама 29 шілдеде Испанияға қарсы ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын топтық кезеңдегі бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Хорватиядан жеңіліп қалды. Қазақстан В тобында сынға түседі. Қарсыластары — Черногория, Испания, Сербия, Хорватия, Австралия.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға төртінші мәрте қатысып отыр. 2000 жылы жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға табан тіреп, әзірге ол құраманың ең жоғары жетістігі ретінде тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.