Егер жүрек қағысы бұзылса мына кеңестерді естен шығармаңыз

0 20

Жүрегіңіздің лүпілі бұзылғанын сезген бойда, орындыққа отырыңыз да, табаныңызды еденге тіреңіз. Ауаны жайлап, тереңдете жұтыңыз, қарныңыз кәдімгіден көбірек шыққанына көңіл аудармаңыз. Сөйтсеңіз көп ұзамай жүрек лүпілі қалпына келеді.

— Жүрек жұмысындағы үзіліс қайталана берсе Вальсальва амалын қолданыңыз. Мұрныңызды саусақтарыңызбен қысып, аузыңызды жауып, ауа шығаруға тырысыңыз. Шығара алмайсыз, күшенуге тура келеді. Соның салдарынан артериялық қысым бір сәтке ұлғаяды да, жүрек жұмысының лүпілін қалпына келтіреді. Осы амалды ойлап тапқан ХVІ ғасырдағы итальян анатомы Антонио Вальсальва.

— Жақсылап жөтеліп алыңыз. Жөтел де тамырдың ішіндегі қысымды шамалы уақытқа көтереді. Кейде бір жөтелгеннің өзі жетіп жатыр.

— Суық судан бірнеше рет жұтыңыз. Оншалық түсінікті емес бұл амал кейбір адамдарға бірден көмектеседі. Мұны біреулер былай түсіндіреді: өңештен өткенде су оны жүрекке салмақ түсіруге итермелейді, сөйтіп жүрек жұмысы қалпына келеді.

— Мұның орнына суық суды бетке шашып жіберуге де болады. Физиологиялық тітіркеніс күшті болса, күткен нәтиже шығады.

— Балықты көбірек жеңіз. Ақсерке пен скумбрия жүрек үшін өте пайдалы омега-3 майлы қышқылына бай.

— Бір отырғанда тамақты тым көп жеп қоймаңыз. Ондайда организм мол тамақты қорытуға мәжбүр болады да, оны қанмен жабдықтау ұлғаяды, ал жүрек әлсірейді. Онда лүпіл жиілейді.

— Кофеин пайдалануды азайтыңыз. Кофе, шай, алкагольсіз сусындар кейбіреулердің жүрек лүпілін күшейтеді.

— Жүрек лүпілінің бұзылуына басты кінәлі көбіне көп қажу. Жүрек лүпілінің жиілеуі қажудың қауыпсыз деңгейден жоғарылап кеткенін көрсетеді. Медитация оны қалпына келтіреді. Сондықтан күн сайын жарты сағат оңаша отырып, денеңізді босатыңыз, жаныңыз да жай тапсын.

Жүрек қағысы бұзылса

— Қажуды иіс терапиясы көмегімен кемітіңіз. Бет орамалға лаванда майының бірнеше тамшысын тамызып, иіскеп отырыңыз.

— Түнде кемінде жеті сағат ұйқтаңыз. Шаршаңқылық жүрек лүпілін бұзады.

— Аптасына үш-төрт рет жарты сағат жаяу жүріңіз, жүгіріңіз, теннис ойнаңыз. Бірақ оның мерзімін ұзарта берейін деп ойламаңыз. Танысыңызбен асықпай-саспай әңгімелесетіндей күйде болғаныңыз жөн

— Әлгіндей жаттығу алдында 10 минут денеңіздің қыртыс-тыртысын жазыңыз. Жаттығудан кейін де сонша уақыт тынышталыңыз.

— Жүрек лүпілі әртүрлі бола беретін көп адамдардың организміндегі магний деңгейі төмен екендігі байқалады. Сондықтан күніне екі рет 400 мг магний дәрі-дәрмегін ішіңіз. Тек бүйрегіңіздің ауруы жоқ болса ғана.

— Конфермент Q10 дәрмегін ішіңіз. Осынау табиғи қосылыс жүрек лүпілін қалпына келтіреді. Әсіресе жүрегі ауыратын адамдарда. Оның 150 миллиграмын күн сайын бір рет тамақпен бірге ішіңіз.

— Балықты көп жемейтін болсаңыз, күн сайын 2–3 грамм балық майын ішіп тұрыңыз. Ол балық салқын кезінде сығып алынған май болсын. Ол омега-3 майлы қышқылына бай.

— Таурин аталатын аминді қышқыл жүрек бұлшық етіндегі оқта-текте болатын электр импульсын жояды. Оның күніне 1,5–3 грамын ішіңіз

Дереккөз: bilim-all.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.