Жамбылдық дәрігерлер 15 жасар баланың бас сүйегін титан пластик қою арқылы қалпына келтірді

0 8

Жамбыл облысында алғаш рет 15 жасар балаға әлемді мойындатқан неміс технологиясы арқылы бас сүйегінің орнына титан пластик (жасанды темір) құрылғысымен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бастапқыда өзін бірқалыпты ұстап, ауырғанын байқамай, уақыт создырып, жүріп қалған жасөспірім  аяқ астынан жағдайы нашарлап, әлсірей бастайды. Ата-анасы баланы жедел жәрдем көмегімен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына әкелген. Компьютерлік томографиялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның бұрыннан бас сүйегінде ақауы бар екені анықталып, әрі  ишемиялық инсульт алып қойғаны да белгілі болып, дәрігерлер  шұғыл түрде ота жасап,  баланың өмірін сақтап қалуға кіріскен.

Білікті нейрохирург Саят Жұмабаевтың басшылығымен баланың оң жақ бас сүйегінің ісіген бөлігі орнына титан пластик (жасанды темір) салынады.

Ең алғаш рет Германияда қолданылған  титандық пластика қазіргі ең соңғы хирургиялық жетістіктердің бірі болып есептелінеді. Олар 1996 жылдан бері шіріген үш сүйекті алып тастап, орнына сондай үлгідегі титаннан жасалған протез салуда. Бүгінде Германияда ондай протездің 25 түрі шығарылып, он жыл бойы қолданысқа түскен. Бұл протез темір болғанымен, салмағы 2-ақ микрограмм, өте жұқа әрі нәзік. Титандық пластикалық операцияның нәтижесінде ми тамырларының  қабынуы, ісіну жағдайлары азаяды. Оны салу асқан “зергерлік” жұмысты талап етеді.

Қазіргі таңға немістер Еуропа көлемінде 120 мың титан протезін ілген. Олардың титандық пластикалық операциясы осы ауру негізінде қазіргі ең соңғы жетістік. Адамның  өмір сүру қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен бірге бастың ішіндегі қабыну, ісіну және жалпы ауру жағдайларының алдын-алатын бұл тәсілдің елімізде қолданылып келе жатқанына көп болған жоқ. Модельденген титан торының қолданылуы арқылы бас сүйегінің кемістігіне жасалатын отаны тараздық дәрігерлер алғаш рет жасап отыр.

​Қазіргі таңда науқастың отадан кейінгі жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Алайда, жасөспірімнің денсаулығын ұдайы бақылап отыру үшін дәрігерлер оған тексеріліп тұруды және жылына екі мәрте оңалту орталығына келіп, тұрақты ем қабылдауды ұсынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.