Жамбыл облысында алғаш өкпенің қатерлі ісігін таратпайтын жаңаша ота түрі жасалды

0 18

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының  онкологиялық құрылымында  өңірлерге практикалық көмек көрсету бағдарламасы шеңберінде өкпенің қатерлі ісіктерін  жан-жағына  тарала бастаған кезеңде шұғыл емдеу бойынша шеберлік сыныбы өткізілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Оған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының  медицина ғылымдарының кандидаты, PHD докторы  Мақсат Қарасаев қатысты. Шеберлік сыныбы аясында тыныс алу жеткіліксіздігі мен өкпеден  қан кетуден  зардап шеккен Тараз қаласының 63 жастағы тұрғынына ота жасалды. Науқасқа оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінің карциномасы және бифуркациялық лимфа түйіндеріндегі метастаздар диагнозы қойылды.

Алматылық онкохирург  М. Карасаев кеңейтілген аралас операция жасады, атап айтқанда төменгі және аралық бронхтардың сына тәрізді резекциясы бар төменгі лобэктомиясы, қол тігісі бар интербронхиальды анастомоз, медиастинальды плевра мен перикардтың резекциясы бар лимфодиссекция атты  реконструктивті-пластикалық ота.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының  онкологиялық құрылымының  хирургия бөлімшесінде  өкпе обыры кезінде торакальды оталар жасалып тұрады, алайда мұндай  кең көлемдегі реконструктивті-пластикалық ота алғаш рет жасалып отыр.

 
Leave A Reply

Your email address will not be published.