Облыс орталығында кісі өліміне қатысты қылмыстық іс ізі суымай ашылды. Тараз қаласының Ішкі Істер Басқармасы жол патруль полициясының батальонының қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері қылмысты ашуға жұмылдырылған.

Қылмыстық іс Песчаная көшесінің екінші бұрылысында болған. Құқық қорғаушылар оқиға орнына келіп жеткенде түрлі дене жарақатын алған ер кісіні көреді. Тексеріс барысында мәйіт 1992 жылы дүниеге келген азамат екендігі анықталды.Қазір Тараз қаласының аумағында 200-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылған. Соның арқасында аталған іс 2 сағат көлемінде ашылды. Сондай-ақ, қылмыстық оқиға орнына жедел аттанған топ іске қатысы бар күдіктіні оқиға орнында қолға түсірген.Енді қылмыстың себептері анықталуда.

– Аталған іске қатысты тергеу амаладарын жүргізу барысында  1975 жылы дүниеге келген ҚР азаматы Нұргелді Әжіғұлов тұтқынға алынды. Ол бұның алдында қылмысты іске қатысы болып сотталған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары 1жалғасуда. Кісі өлімі үй алдындағы аулада орын алған, – дейді Тараз қалалық ішкі істер басқармасы  жол патрульдік полиция батальонының командирі Асқар Батыров.

Дереккөз: taraztv.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here