Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі 50 үздік педагогты марапаттады

0 6

Тұрар Рысқұлов ауданында мұғалімдерді марапаттау шарасы жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға қа­тысқан аудан әкімі Ерболат Садырқұлов ауданның  50 үздік педагогын марапаттады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасы», Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алғыс хаты», Жамбыл облысы кәсіподақтар кеңесінің «Құрмет грамотасы», Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің «Алғыс хаты», «NUR OTAN»   партиясының «Құрмет грамотасы» және жұмыс нәтижесі бойынша Республикалық, облыстық деңгейде бас жүлде және І орын алған педагогтерді 100 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Мектеп пен ұстаз — білімнің қайнар көзі, тәрбие-тәлімнің дара орталығы. Білім — тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты. Бүгінде ауданымызда жас ұрпаққа білім мен өнегелі тәрбие беру ісімен 4 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері айналысады. Тәрбиелі де білімді ұрпақты қалыптастыру сынды жауапкершілігі өте зор міндеттің ұстаздар қауымына жүктелуі осы мамандықтың қаншалықты қастерлі екенін айғақтайды, — деді аудан әкімі.

Ардақты жандарды құрметтеген шара соңында өнерпаздар ән айтып, жырдан шашу шашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.