Тұрар Рысқұлов ауданында «Біргеміз: Таза әлем» еріктілер акциясы өтті

0
50

Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптау бойынша «Біргеміз: Таза әлем» жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданының “Тау-Қымыз” демалыс орнында республикалық экологиялық лагерь ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Біргеміз: Таза әлем» республикалық экологиялық лагеріне 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 110-ға жуық жасөспірім қатысты.

Үш күнге жалғасқан шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Жастар назарын экология мәселесіне аудару және мәселені шешуге ұмтылу. Білім беру, ортақ ой бөлісу және пікір алмасу алаңын қалыптастыру және олардың мүмкіндігі мен талантын қоғамға көрсету.

Шараның ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова қатысып, лагерь қатысушыларына сәттілік тіледі.

Лагерь аясында жасұландық оқушыларға ауданның тарихи-мәдени, көрнекті жерлеріне экскурсия мен түрлі экологиялық турнирлар мен ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтер ұйымдастырылды.

Аудандық білім бөліміне қарасты балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры Садат Ашираливичтың және аталған білім ошағының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймусаева Нургуль Таттибаевнаның ұйымдастыруымен “Жаяу жүру туризмінің әдіс-тәсілдері” шебер сыныбы көрсетілді. Плоггинг барысында оқушылар қоқыс қалдықтарың жинаумен қатар, оны дұрыс сұраптауға үлкен назар аударды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here